Брендтелген кинотеатр Esentai Mall ойын-сауық орталығындағы Kinopark аумағында ашылды.

VIP-кинозалдың ашылу рәсімінде Samsung өкілдері журналистерге инновациялық QLED 8K желісінің бірегей ерекшеліктерін көрсетті.

8К — экранның бар тұнықтығының ең жоғарғы әрі егжей-тегжейлі анық көрсететін деңгейі, жасанды интеллект технологиясы түпнұсқа контент сапасын 8К өлшеміне мейлінше жақын етіп жақсартады және анықтық деңгейін экрандағы көрініс пен бөлмедегі жарыққа қарай реттейді. 

Samsung QLED теледидары. Фото компанияның PR қызметінен

Қонақтардың алдында сөз сөйлеген Samsung Electronics Central Eurasia президенті Хан Санг Ву кинотеатр ашуға не себеп болғанын айтты. Ол адамдар кинотеатрға үлкен экрандағы тамаша сурет пен жақсы дыбыс үшін баратынын, ал үлкен экраны бар QLED 8K (ең жоғары диагоналі — 98 дюйм) сол сапаны бере алатынын айтты, яғни көрермен QLED 8К теледидарынан сүйікті фильмін көргенде өзін бейнесі мен дыбысының сапасы жоғары заманауи кинозалда отырғандай сезінеді.

Фото компанияның PR қызметінен

Сіз экранда болып жатқан нәрседен күшті әсер аласыз, бөлмеде болсаңыз да, өзіңізді оқиғаның ортасында жүргендей сезінесіз, — деді ол.

Сонымен бірге Samsung өкілдері дәл осы кинотеатрда компанияның болашақ флагман өнімдерінің таныстырылымын жиі өткізетінін хабарлады.

Фото компанияның PR қызметінен

QLED 8K Cinema кинотеатры көрсеткен алғашқы фильм Чад Стахелскидің «Джон Уик 3» боевигі болды.