Samsung қазақстандық ауруханаларға планшеттер сыйлады

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды цифрландыру стратегиясы шеңберінде денсаулық сақтау саласын жаңа технологияларға өткізу үшін  Samsung мобильдік құрылғысы Damumed кешенді медициналық ақпарат жүйесімен жабдықталған планшеттерді сыйлады. Бағдарламалық қамтамасыз етуді  отандық компания — «ДАМУ» ақпараттық технологиялар орталығы жауапкершілігіне алған болатын.

Samsung, планшет
Фото компанияның баспасөз қызметінен

Жүйеге ҚР Денсаулық сақтау министрлігі порталы, 700-ден астам медициналық ұйым, 825 000 қолданушы енгізілген. Онда 65 миллионнан астам құжат сақталған.

Samsung планшеттері  дәрігерлерге, медбикелерге, фармацевттерге және т.б. мамандарға арналған. Алдын ала енгізілген бағдарламалық қамтамасыз ету құрылғысы көп жұмысты жеңілдетіп, жеделдетеді. Кей мәселені тиімді шешуге және артық қағаз жұмыстарынан құтылуға көмектеседі.

Мысалы, дәрігер емделуші туралы мәліметті планшетке енгізеді. Нәтижесінде ақпарат жалпы жүйеде сақталады. Бұл жүйедегі ақпарат басқа да медициналық ұйымдар үшін қолжетімді болмақ. Бұрын медициналық карта немесе дәрігер нұсқауы жоғалса, көптеген қиындық тудыратын. Дегенмен көп ұзамай бұл құжаттардың еш қажеті болмасы анық. Ал енді қажет ақпаратқа қол жеткізу үшін арнайы БҚ орнатылған планшет пен интернет болса, жеткілікті.

Samsung, планшет
Фото компанияның баспасөз қызметінен

Бұл туралы Алматы акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының басшысы Динара Мирзахметова пікірін білдірді. Ол 1 шілдеден бастап денсаулық сақтау саласын цифрландыру бойынша пилоттық жобаға қатысып, қағаздан заманауи ақпараттық технологияларға көшкен.

Мысалы, анестезиологтар ота жасау кабинетінде наркоз картасын планшетте жүргізбек. Бұл әрине стационарлы компьютерге ендіруден әлдеқайда ыңғайлы, — деді ол.

Бірыңғай ақпараттық жүйе емделушілер үшін де қолайлы. Олар ЖСН-ді енгізіп, қажет ақпарат ала алады. Мысалы, денсаулығы туралы немесе қай емханада тіркеуе тұрғанын оңай тексереді.

Samsung, планшет
Фото компанияның баспасөз қызметінен

Әрине, мұндай жағдайда құпия мәліметтердің сақталуы туралы сұрақтар туындайды. Ақпарат қаншалықты қорғалған? Бұл сауалға Samsung жауабын берді.

Планшеттерде алдыңғы қатарлы шешім — ақпараттық қорғаныс KNOX орнатылған. Ол зиянкестерден контенттерді көпдеңгейлі, яғни бағдарламалық және аппараттық қорғаныспен қамтамасыз етеді. Бұл платформа шетелдерде үкіметтік ұйымдарда, оның ішінде қорғаныста және ведомстволарда қолданылады. Сондықтан жүйенің сенімді қорғаныста екенін білуге болады.

Samsung инновациялық шешімдері арқылы Денсаулық сақтау министрлігі, «ДАМУ» ақпараттық технологиялар орталығы және «Аяла» қорымен ынтымақтастықта бірге жұмыс істеп, денсаулық сақтау саласын дамытуда белсенді қолдау көрсетіп келеді. Осыдан біраз уақыт бұрын Samsung компаниясы алдыңғы қатарлы корейлік кардиологтардың Қазақстанға келуіне себепкер болды. Олар мұнда жүрек алмастыру бойынша күрделі оталар  жасап, жергілікті мамандармен тәжірибе алмасқан болатын. Одан бөлек, Samsung онкологиялық ауруға шалдыққан балалар ауруханасында интерактив «ақылды» сыныптар ашты. Кішкентай емделушілер мектепке бара алмаса да, қатарластарынан қалмай, сабақтарын жалғастыруға мүмкіндік алды.