Орталық сайлау комиссиясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, кезектен тыс Президент сайлауына кандидат ұсыну кезеңінің қорытындысы бойынша отырыс өткізді, оған саяси партиялардың және бірқатар мемлекеттік органның өкілдері қатысты. Отырыста қаулы 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлауға кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы қаулы қабылданды.
2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған кезектен тыс сайлауға әзірлену мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес ұсыну кезеңі 2019 жылғы 10 сәуірден 28 сәуірге дейін болды. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптары бойынша президенттігкке кандидатура ұсыну үшін Орталық сайлау комиссиясына республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының кандидатты ұсыну жөнiндегi отырысының хаттамасынан үзiндi, кандидаттың Орталық сайлау комиссиясының 10 сәуірдегі № 10/233 қаулысымен бекітілген нысан бойынша сайлауға түсуге келісім беру туралы өтініші, кандидат сайлау жарнасын заңмен белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерін немесе 2 125 000 теңгені енгізгенін растайтын құжатты ұсыну қажет болды.
Заңнамада белгіленген құжаттарды Орталық сайлау комиссиясына 9 республикалық қоғамдық бірлестік, оның ішінде төрт саяси партия ұсынды.
Ұсынылған кандидаттар:
- Сәді-Бек Түгел
1955 жылы 1 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Амангелді ауылында туған.
2019 жылы 17 сәуірде «Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды.
Құжаттар ОСК-ға 2019 жылғы 22 сәуірде ұсынылды.
Лингвистикалық комиссияның 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 3 қорытындысына қарағанда мемлекеттік тілді еркін меңгерген.
ҚР ОСК 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 18/249 қаулысына сәйкес Сәді-Бек Түгел Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабының 2- және 3-тармақтарында, 41-бабының 2-тармағында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 4-бабының 4-тармағында, 54-бабында белгіленген талаптарға сай.
- Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
1953 жылы 17 мамырда Алматыда туған.
2019 жылғы 23 сәуірде «Nur Otan партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған.
Құжаттар ОСК-ға 2019 жылғы 23 сәуірде ұсынылды.
Лингвистикалық комиссияның 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 2 қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді еркін меңгерген.
ҚР ОСК 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 16/244 қаулысына сәйкес Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабының 2 және 3-тармақтарында, 41-бабының 2-тармағында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 4-бабының 4-тармағында, 54-бабында белгіленген талаптарға сай.
- Амангелді Сатыбалдыұлы Таспихов
1959 жылы 20 қарашада Батыс Қазақстан облысы Казтал ауданы Қушанкөл ауылында дүниеге келген.
2019 жылғы 24 сәуірде «Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі ұсынды.
Құжаттар ОСК-ға 2019 жылғы 25 сәуірде ұсынылды.
Лингвистикалық комиссияның 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 4 қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді еркін меңгерген.
ҚР ОСК 2019 жылғы 27 сәуірдегі № 19/251 қаулысына сәйкес Амангелді Таспихов Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабының 2 және 3-тармақтарында, 41-бабының 2-тармағында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 4-бабының 4-тармағында, 54-бабында белгіленген талаптарға сай.
- Дания Мәдиқызы Еспаева
1961 жылы 5 наурызда Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Жайсаң ауылында дүниеге келген.
2019 жылғы 25 сәуірде «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған.
Құжаттар ОСК-ға 2019 жылғы 25 сәуірде ұсынылды.
Лингвистикалық комиссияның 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 5 қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді еркін меңгерген.
ҚР ОСК-ның 2019 жылғы 27 сәуірдегі № 19/252 қаулысына сәйкес Дания Еспаева Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабының 2 және 3-тармақтарында, 41-бабының 2-тармағында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 4-бабының 4-тармағында, 54-бабында белгіленген талаптарға сай.
- Төлеутай Сатайұлы Рақымбеков
1964 жылы 19 шілдеде Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келген.
2019 жылғы 25 сәуірде «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.
Құжаттар ОСК-ға 2019 жылғы 26 сәуірде ұсынылған.
Лингвистикалық комиссияның 2019 жылғы 27 сәуірдегі № 6 қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді еркін меңгерген.
- Жамбыл Аужанұлы Ахметбеков
1961 жылы 11 ақпанда Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Жантеке ауылында дүниеге келген.
«Қазақстан коммунистік халық партиясы» қоғамдық бірлестігінен 2019 жылы 26 сәуірде ұсынылды.
ОСК-ға 2019 жылғы 26 сәуірде құжаттар ұсынылған.
Лингвистикалық комиссияның 2019 жылғы 27 сәуірдегі № 7 қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді еркін меңгерген.
- Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов
1964 жылы 13 мамырда Қызылорда облысы Арал ауданы Сапақ станциясында дүниеге келген.
«Ұлт тағдыры» біріккен ұлттық-патриоттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінен 2019 жылы 26 сәуірде ұсынылды.
Құжаттар ОСК-ға 2019 жылғы 27 сәуірде ұсынылған.
- Талғат Файзуллаұлы Ерғалиев
1966 жылы 15 шілдеде Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Жантеке ауылында дүниеге келген.
«Қазақстан құрылысшылар одағы» заңды тұлғалар бірлестігі атынан 2019 жылдың 27 сәуірінде ұсынылды.
- Жұматай Әлиев
1952 жылы 20 маусымда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Байқадам ауылында дүниеге келген.
«Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі 2019 жылдың 26 сәуірінде ұсынды.
Құжаттар ҚР ОСК-ға 2019 жылғы 28 сәуірде ұсынылған.
Орталық сайлау комиссиясы заң талаптарына сай деп тапқан төрт кандидат қазіргі уақытта қол жинауға кірісті. 12 облыста, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кемінде 118 140 қол жиналуы қажет.
Басқа кандидаттардың заңнамаға сәйкестігі алдағы күндері анықталады.
Қол жинаумен бірге кандидаттар қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттың денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытындыға қойылатын талаптарды және Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 13 сәуірдегі № 12/236 норматив қаулысы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бірлескен бұйрығына сәйкес денсаулық жағдайын медициналық куәландырудан өте алады, сонымен бірге жұбайымен бірге тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынуға міндетті.
Кандидаттарды тіркеу кезеңі 11 мамырда сағат 18-00-ге дейін жалғасады.
Үміткерлерді ұсыну кезеңінде Орталық сайлау комиссиясына 35 өтініш келіп түскен. Оның 11-і сайлау процесін ұйымдастыруға, 12-сі сайлау заңнамасы мәселелерін түсіндіруге қатысты болған. Тағы 12 өтініш үміткер ұсына алмайтын субъектілерден келіп түскен. Өтініштерге тиісті жауап қайтарылды.