Сауда және интеграция министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Асқар Бегманов Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
