Сауда және интеграция министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

 Бұған дейін бұл қызметті Жәнібек Нүпіров атқарып келген.

Асқар Бегманов 1975 жылы Алматыда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін, Халықаралық кәсіптер институтын, Көкшетаудағы Абай Мырзахметов атындағы университетті бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Алматыдағы Түрксіб ауданы прокуратурасының құқықтық статистика және ақпарат жөніндегі прокурорының көмекшісі болып бастаған. Осы жылдар ішінде Алматы облысының Әділет департаментінде жұмыс істеген, прокурордың көмекшісі, Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінде басқарма бастығы, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімі болған. Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы. 2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары, 2015-2018 жылдары Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі, 2020-2021 жылдары Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Асқар Бегманов 2021 жылғы қазаннан бастап осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде департамент директоры қызметінде болды.