Қазақстан президентінің "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшірудің кейбір мәселелері туралы" қаулысының жобасы Ашық НҚА сайтына жарияланды.
Биыл қаңтар айының соңында Ұлттық комиссия отырысында жетілдірілген жаңа әліпби жобасымен бірге "Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілінің емле ережелерінің" соңғы нұсқасы бірауыздан мақұлданған еді.
Әліпбидің алғашқыда негізгі екі нұсқасы халыққа таныстырылған болатын. Біріншісінде диграфтар арқылы толықтырулар болса, екіншісінде апострофтар арқылы толықтырулар болды. Яғни екі нұсқаның да ең бір ұтымды тұсы – сөздің асты-үстінде ешқандай үтір нүктесіз, әріптердің тек...