Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Жұмаділдаевпен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Асқар Жұмаділдаевты қабылдады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Асқар Жұмаділдаев еліміздегі білім мен ғылымның дамуы перспективаларын, қоғамда кейінгі уақытта болып жатқан өзгерістер мен ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар қазақ тілін дамыту және латын әліпбиіне көшу жөнінде ой-пікірлер мен ұсыныстар айтылды.

Еске салайық, Тәуелсіздік күні қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Жұмаділдаевқа «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын берген еді.