Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 19,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлап отыр.
1 қарашадағы жағдай бойынша республиканың 847 кәсіпорнында 21,9 мың жұмыскердің алдында 5 миллиард теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешегі бары анықталды.