Еңбек жарақатынан мүгедек болғандар мемлекет есебінен оңалтылады

Министрдің айтуынша, жұмыс берушінің өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндігі болмаған жағдайда еңбек жағдайында мертігуде мүгедек болған адамдарды мемлекет есебінен оңалтудың техникалық құралдармен және қызметтермен қамтамасыз ету қарастырылған.

Бүгінде жұмыс беруші жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда олардың міндеттемелерін мемлекет өзіне алады. Бұл ретте айта кететін мәселе – кәсіпорын қызметі тоқтап тұрған кезеңде немесе банкроттық рәсімдеу жүргізу кезінде мүгедектігі бар адамдар оңалту техникалық құралдарын алу мүмкіндігінен айырылған, — деді Серік Шәпкенов.

Кей жағдайларда бұл рәсімдер 1-1,5 жылға дейін созылады.

Аталған шара 2 мыңға жуық адамды техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтуға мүмкіндік береді, — деді ведомство басшысы.