Биыл Алматыда, Мұзтау, Каменск үстірті, Асқарау, Кіші станица, Атырау және Сұлусай шағынаудандарында 145,7 шақырым тарату желілерінің құрылысы басталып, 2025 жылы аяқталады.
Алматының Наурызбай ауданында тұрғындарды сапалы және үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарымен кездесуде айтты.
Биыл халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткішін ауылдарда - 94,7, ал қалаларда - 98,5% жеткізу қажет. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.
Елімізде 54 ауылда ауыз су іздестіру және барлау жұмыстары жүргізілмеген. Бұл туралы үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.