Алматы мен Алматы облысында ауызсу беру уақытша тоқтатылады

Жолайырық құрылысына байланысты келер аптада Алматы мен Алматы облысы аумағында тұрғын үй алаптары суық судан ажыратылады.

Көлік жолайырығы Бұқтырма көшесі мен Құлжа тасжолы қиылысында салынып жатыр. «Алматы су» кәсіпорнының мәліметінше, құрылыс орындарының астымен су құбырлары тартылатын болады.

Осыған байланысты Алматы қаласы мен Алматы облысында үш кезеңмен ауызсу беру уақытша тоқтатылады.

Бірінші кезеңде 9 қазан сағат 00:00-ден 10 қазан сағат 22:00-ге дейін:

— Түрксіб ауданы, Қайрат шағынауданы, «Нұршашқан» шағын ауданы;

— Медеу ауданы Medey city, Family Comfort тұрғын үй кешені;

— Алматы облысының Талғар ауданы, Белбұлақ, Гүлдала, Луч Востока, Тұздыбастау, Түзусай, Бірлік, Бесағаш кенттері, оның ішінде «Нұрия», «Достар», «Алма Тау», «Бесағаш», Hayat Apartaments, Ashyq Tobe тұрғын үй кешендері;

— Құлжа тасжолының бойында орналасқан коммерциялық нысандар (тамақтану орындары, базарлар, автосалондар және тағы басқасы);

— Атырау 1, 2, 3 шағынаудандарында су қысымы төмендейді.

Екінші кезеңде 12 қазан сағат 00:00-ден 13 қазан сағат 22:00-ге дейін:

— Түрксіб ауданы, Nomad city ТК;

— Медеу ауданы Medey city, Family Comfort ТК;

— Алматы облысының Талғар ауданы, Белбұлақ, Гүлдала, Луч Востока, Тұздыбастау, Түзусай, Бірлік, Бесағаш кенттері, оның ішінде «Нұрия», «Достар», «Алма Тау»,»Бесағаш», Hayat Apartaments, Ashyq Tobe тұрғын үй кешендері;

— Құлжа тасжолы бойындағы коммерциялық нысандар (тамақтану орындары, базарлар, автосалондар және тағы басқасы);

— Атырау -1, 2, 3 шағынаудандарында су қысымы төмендетіледі.

Үшінші кезеңде 16 қазан сағат 00:00-ден 17 қазан сағат 22:00-ге дейін ауызсу беру тоқтатылады:

— Түрксіб ауданы, «Нұршашқан» шағынауданы, Nomad city ТК;

— Алматы облысы, Талғар ауданы «Аспан Сити» ТК.