Алматының Наурызбай ауданында ауыз су мәселесі қалай шешіледі?

Алматының Наурызбай ауданында тұрғындарды сапалы және үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарымен кездесуде айтты.

Ақжар шағынауданының 35 мың тұрғынын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Ақсай негізгі су көзінің құрылысы аяқталғанға дейін биыл наурыз айында Алатау даңғылы мен каскадты сорғы станциясы бойынша магистральдық су құбырының құрылысын бастадық. Бұл жобаны маусым айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз, — деді қала әкімі.

Оның айтуынша, Ақжар, Қарағайлы, Тастыбұлақ және Таусамалы сияқты төрт шағынаудандарда сумен жабдықтау және кәріз желілерін жобалау жұмыстары жалғасып жатыр. Нәтижесінде, 2025 жылдың соңына дейін 335 километр сумен жабдықтау және кәріз желілері салынады.