Марат Қарабаев ауыз су тапшылығы бар аймақтарды атады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев ауыз сумен аз қамтылған аймақтарды атады.

Оның айтуынша, 2022 жылдың соңына қарай сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік қалаларда 98,4%, ауылдарда 94,5% болған. Ақтөбе, Алматы, Атырау, Маңғыстау, Солтүстік және Батыс Қазақстан, Жетісу, Ұлытау және Қызылорда облыстары ауыз сумен 100% қамтылған өңірлер қатарына кіреді.

89 қалалық елдімекеннің 64-ті 100% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Қалған 25 қала 2025 жылдың соңына дейін кезеңдік жоспар шеңберінде қамтамасыз етіледі. Бүгінгі таңда 6 295 ауылдың 4 900-і ауыз сумен қамтамасыз етілген. 1 395 ауылдың ауыз су мәселесін 2025 жылдың соңына дейін шешу жоспарланып отыр, — деді ведомство басшысы.

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жыл соңына дейін өңірдегі көрсеткіш жақсарып, тағы 66 елдімекеннің тұрғындары сапалы суға қол жеткізетінін айтты.

Биыл 21,1 миллиард теңгенің 52 жобасы жүзеге асырылып жатыр. Тағы 66 елдімекеннің тұрғындары сапалы суға қол жеткізеді. Нәтижесінде жыл соңына дейін ауыл тұрғындарының сумен қамтамасыз ету қызметіне қолжетімділік ұлғаяды, — деді Құмар Ақсақалов.