Премьер-министр апатты жағдайдағы су құбырларын жөндеуді тапсырды

Жыл соңына дейін халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткішін ауылдарда — 94,7, ал қалаларда — 98,5% жеткізу қажет. Осыған байланысты өңір әкімдіктеріне сумен жабдықтаудың кешенді жоспарын тез арада қайта нақтылауды және апатты жағдайдағы су құбырларын шұғыл түрде жөндеуді тапсырамын. Ауыз су мәселесі тұрғындар үшін өте өзекті, — деді үімет басшысы.

Әлихан Смайылов әрбір шешім уақытылы қабылданып, нәтижелі болуы керектігін айтты.

Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік саясатты іске асыру барысында Түркістан, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Қарағанды облыстарының әкімдіктері 2023 жылы іздестіру-барлау жұмыстары мен жобалық-сметалық құжаттарды дайындауды аяқтауы қажет. Мұның барлығы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жөніндегі жоспарланған көрсеткіштерді сапалы орындауға мүмкіндік береді, — деді премьер-министр.