Баланы мектепке онлайн қалай тіркейді?

ASUS ROG Strix SCAR 15 (G533QS)
ASUS ROG Strix SCAR 15 (G533QS). Фото: Бақдәулет Әбдуалы

2018 жылы балаларды мектепке онлайн тіркеу мүмкіндігі пайда болды, яғни оқушыны мектепке ата-анасы немесе қамқоршысы үйде отырып-ақ тіркей алады. Пандемия кезінде бұл сервис тіпті өзекті бола түсті. Baribar.kz осы онлайн тіркеу жолын түсіндіреді.

1. Баланы мектепке тіркеу үшін қандай құжаттар керек?

  • баланың жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі),
  • денсаулық жағдайы туралы анықтама (№ 063/у нысан және № 026/у-3 нысан);
  • баланың 2 данада 3х4 сантиметр өлшеміндегі фотосы;
  • ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларды оқуға қабылдау үшін педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы қосымша беріледі. Заңды өкілдерінің келісімі керек.

Басқа жағдайда:

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін есептен шығару талонының электрон көшірмесі керек (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде деректер болмаған жағдайда).

Шалғайдағы ауылда тұратын балаларды мектеп пен үй арасында тегін тасымалдауүшін көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша оқу орнынан анықтаманың электрон көшірмесі қажет.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқыту үшін дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының электрон көшірмесі қажет.

Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту мақсатында мүгедектігі бар балаларды арнайы білім беру ұйымдарына беру үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының электрон көшірмесі қажет.

2. Тегін немесе жеңілдікпен тамақтану үшін қажет құжаттар:

Жалпы білім беретін мектептегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыру үшін мына құжаттар керек:

  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін МАӘК алушыларға көрсетілетін қызмет тиісті екенін растайтын анықтама. Оны жергілікті атқарушы органдар береді;
  • Жұмыссыз ата-анасы бар отбасылардың балалары үшін ата-ананың жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрғаны туралы анықтама;
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін табыс туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы, Кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табысы, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табысы туралы анықтама);
  • Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бірақ қандай да бір отбасыда тұратын балалар үшін уәкілетті органның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиені бекіту туралы шешімі;
  • Төтенше жағдайлардың нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балалар және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы органның шешімі;
  • 079/е сауықтыру лагеріне баратын оқушыға медицина анықтамасының электрон көшірмесі.

3. Назар аударыңыз!

  • Бір бала оқу орнына бір ғана өтінім беруге тиіс;
  • Жүктелетін құжаттардың жалпы көлемі 5 мегабайттан аспауға тиіс;
  • Бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау 1 сәуірден бастап 1 тамызға  дейін жүреді.

Есіңізде болсын, баланы мектепке үйде отырып тіркеуге болады. Бұл жұмысты баланың ата-анасы немесе қамқоршысы өзі жасағаны дұрыс. Егер ата-ана баланы онлайн тіркей алмаса, онда сенімді адамнан көмек сұраңыз, себебі электрон цифрлы қолтаңба мен басқа да жеке ақпараттар қауіпсізідігін ескеру қажет.

4. Баланы мектепке онлайн тіркеу қалай жүзеге асады?

Әуелі баланың құжаттарын дайындап алыңыз. Ата-ана Азаматтардың мобайл базасында тіркелген болуы керек. Сонымен қатар баланы мектепке тіркейтін адамға ЭЦҚ қажет.

Электрон цифрлы қолтаңбаны алушыларға нұсқаулық

Азаматтардың мобайл базасына тіркелушілерге нұсқаулық

Құжаттар дайын болса, интернеті бар компьютерді алып, Egov.kz порталына кіріңіз. Басты беттегі қызметтердің ішінен "Білім" бөлімін таңдаңыз. Экранның сол жағына "Мектепке дейінгі білім", "Орта білім" деген санаттар шығады. Сізге керегі - "Орта білім" бөлімі. Бөлімге өтсеңіз, бірнеше қызмет түрі шығады. Соның ең бірінші тұрғаны - Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау. 

Осы қызметке өтіп, "Онлайн сұрау" батырмасын бассаңыз, баланы мектепке онлайн тіркей аласыз. Әрі қарай ата-ана ЖСН нөмірін енгізіп немесе электрон цифрлы қолтаңба арқылы, ол болмаса, бірреттік құпия сөз арқылы порталға кіре алады.

5. 1-қадам

Электрон цифрлы қолтаңба арқылы порталға кірген соң 1-қадам шығады. Онда өтініштің түрін таңдау керек. Баласын мектепке тіркейтін адам "Білім беру ұйымына қабылдау" деген қызметті таңдаса, басқа мектепке ауыстыратын адам "Оқу орындары арасында ауыстыру" дегенді басады.

Содан кейін өтінішті кім беріп жатса, соны белгілеп кету керек. Сонымен қатар баланың ата-анасы немесе қамқоршысы өз байланыс нөмірін, поштасын жазуы қажет.

Дәл осы бетте астыңғы жағында "Баланы таңдау" деген батырма шығады. Мұнда ата-ана мектепке тіркейін деп жатқан баласының аты-жөнін, деректерін белгілеуі қажет.

Одан кейінгі қадамдар өте оңай құрастырылған. Күндізгі оқу түрін белгілеп, баланың аймағын, ауданын, білім беру ұйымын, сыныбын, оқыту тілін таңдасаңыз жеткілікті. Ауданды таңдаған кезде мектеп орналасқан ауданды белгілеу керек.

Әрі қарай баланың фотосын, медицина анықтамасын жүктейсіз.

Егер бала денсаулық жағдайына байланысты үйде оқитын болса, сол санатты белгілеп кетесіз. Бұл санат керек болмаса, деректеріңізді қолдануға рұқсат беріп, "Сұрау жіберу және қол қою" батырмасын басып, келесі қадамға өтесіз. Егер деректерді қолдануға рұқсат бермесеңіз және берген құжаттарға жауапкершілік алмасаңыз, "Сұрау жіберу" батырмасы ашылмайды, яғни жасыл түске ауыспайды.

6. 2-қадам

2-қадамға өткенде өтініш берушіге үш таңдау беріледі: "ЭЦҚ арқылы қол қою", "СМС-код арқылы өтініш беру" және "QR код арқылы қол қою". Осы үшеудің бірін таңдап, өтінішке қол қою қажет. ЭЦҚ арқылы қол қойған тиімді болса, оны тезірек таңдап жіберіңіз. СМС-кодты таңдасаңыз, байланыс нөміріңізге келген кодты енгізесіз.

7. 3-қадам

Өтінішке қол қойылған соң 3-қадам ашылады. Мұнда өтініш берушінің дерегі 5 жұмыс күні ішінде жаңаратыны айтылады. Демек, баланы мектепке тіркеу өтініші сәтті берілді. Енді ата-ана Egov.kz порталындағы жеке кабинетіне кіріп, хабарламалар бөліміне өтіп, жаңалықты көре алады.

Егер 5 жұмыс күні ішінде хабарлама келмесе, ақпарат жаңармаса, онда баланың құжатын жүктегенде қате кеткен болуы мүмкін. Мұндай жағдайда қайта өтініш беріп көріңіз немесе порталдағы онлайн кеңесшіге жүгіне аласыз.

Тағы оқыңыз: Электрон цифрлы қолтаңбаны қалай алуға болады?

Баланы балабақша кезегіне қалай қояды?