12 наурызда Қазақстанның батыс және солтүстік-батыс аймағында ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде жауын-шашын жауады, республиканың батысында көбіне жаңбыр жауады. Өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, солтүстікте боран соғады.
Алматы облысында тұман түседі, Жалаңашкөл көлі ауданында 17-22 м/с жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады. Қостанай облысында 17-22 м/с жел соғады, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады. Жамбыл облысында тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады. Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында тұман түседі. Ақтөбе, Атырау облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Ауа температурасының жоғарылауына, қардың жіті еруіне және жауын-шашынның түсуіне байланысты Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында өзендердің деңгейі көтеріледі. Қостанай облысында тұман, көктайғақ пен желге байланысты, Қызылорда облысында тұманға байланысты, Солтүстік Қазақстан облысында жаяу бұрқасын, тұман мен көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды.
