5-7 наурыз күндері қар жауып, боран соғады

«Қазгидромет» кәсіпорнының синоптиктері 5-7 наурыз күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Мамандардың болжамына қарағанда наурыздың алғашқы демалыстарында ауа температурасы Қазақстанның батыс және қиыр солтүстігінен басқа аймақтарда климаттық нормадан 7-13 градусқа, батыста 1-3 градусқа жоғары, ал ең жоғарғы температура 0-ден жоғары болады.

Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райы бұрынғыдай атмосфералық фронттардың ықпалымен анықталады, соған байланысты солтүстік және шығыс өңірлерде қар жауып, боран соғады, батыстан күшті жел соғуы және көктайғақ болуы мүмкін. Қазақстанның басқа аймақтарында жылбысқы қар, оңтүстікте жаңбыр жауады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да