Оралдағы НЗМ республикадағы үздік мектептер қатарына енді

«Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс, бұл мектеп білімін реформалаудың қорытынды кезеңі болады», — деген болатын Елбасы өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында. Осыған орай Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде облыс әкімі Алтай Көлгіновтің қатысуымен қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті.

Күні бүгін аталмыш білім ошағы өңірдегі оқу-әдістемелік, тәрбие, кәсіби бағдар, іс-тәжірибе тарату жұмыстарының көшбасшысы болып саналады. Жаз бойы мектеп базасында түрлі семинар-кеңес ұйымдастырылса, дәл қазір 6 ауданның мектеп директорларын білім-біліктерін жетілдіріп жатыр.

Президент «Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуге тиіс» деген болатын. Осы орайда Өңірде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жұмыс тәжірибесін жүйелі түрде тарату қажет. Семинарлар, директорлардың тағылымдамасы, кітапхана, психолог мамандарға өткізілетін шеберлік сағаттары аса керекті дүниелер. Отырыста тағылымдамадан өтіп жатқан директорлардың ой-пікірін тыңдадым. Алдағы уақытта осындай мазмұндағы тағылымдамаларға облыс мектептері директорларының орынбасарлары қатысып, зияткерлік мектеп мұғалімдері аудандарға шықса, жұмысымыз тиімді жүреді деп есептеймін. Сонымен қатар болашақта тағылымдаманы онлайн өткізуді қолға алу қажет, — деді БҚО әкімі Алтай Көлгінов.

Айта кетейік, Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебі республика бойынша шәкірттерінің оқу үлгерімі жөнінен үздік бестікке, IELTS халықаралық емтиханы қорытындысы бойынша үздік үштікке кірді. Тек соңғы бір жылда мектеп шәкірттерінің 5-еуі халықаралық, 31-і республикалық, 38-і облыстық олимпиада, ғылыми жобалар байқауы мен басқа да түрлі сайыста жеңімпаз атанды. Екі жыл қатарынан Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы желілік олимпиадада гуманитарлық бағыт бойынша «Ең үздік олимпиадалық мектеп» атанды. Робототехника олимпиадасы бойынша оқушылары жыл сайын үздіктер қатарында және ұлттық құрамамен бірге халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүр.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да