Дін саласындағы мемлекеттік саясат Алматыдағы екі базарда түсіндірілді

Қарасай ауданындағы «Алтын орда», «Жеті құрдас» базарларының жұмысшыларына зайырлы мемлекеттің қағидалары және Қазақстанда тыйым салынған діндердің қоғамға тигізетін зардабы туралы ақпарат берілді. Шара Алматы дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өтті.

Онда Алматыдағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мұғалімі, философия ғылымдарының докторы, доцент Бағдат Бейсенов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мұғалімі, дінтану мамандығының Phd докторы Құдайберді Бағашаров, «Қалқаман» мешітінің наиб-имамы Азат Фазельжанов, Алматы дін істері жөніндегі басқармасының ақпараттық-талдау бөлімінің басшысы Самат Қабылбековтер қатысты.

4b01091127aec1384c655f32d91b1366 Дін саласындағы мемлекеттік саясат Алматыдағы екі базарда түсіндірілді

Жиынға қатысушыларға экстремизм мен терроризмді болдырмау және тыйым салынған діни ұйымдар туралы мәлімет жазылған парақшалар таратылды.

811377c463c6ea9f01d0024df4248fab Дін саласындағы мемлекеттік саясат Алматыдағы екі базарда түсіндірілді
Фото: din-almaty.gov.kz

Ақпараттық шараға «Алтын орда» базарында 250, «Жеті құрдас» базарында 50 азамат қатысты.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да