Азиада-2018 жүлдегері Алматы әкімдігінің қызметкері болып шықты

Индонезияда өткен XVIII Жазғы Азия ойындарында 25 тамыз күні джиу-джитсудан қола медаль жеңіп алған Ризат Мақашев Алматы әкімдігінің қызметкері болып шықты. Бұл туралы қаланың ақпараттық-спорттық хабы хабарлады.

Ризат 3 жылдан бері Алматы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында қызмет етеді. Ол мемлекеттік қызметте жүріп, тәртіп пен уақытты талап ететін жаттығуларынан қалмай, Checkmat Kazakhstan клубында жеке бапкері — қара белбеу иесі Бек Әли Ержанның қол астында жаттықты

, — делінген хабарламада.

Азия ойындарында үшінші орын үшін таласта Ризат Мақашев өзбекстандық Илхом Джуроевтан ұтылып жатып, жігерлік танытты. Осылайша ол қарсыласынан басым түсіп, 94 келі салмақ дәрежесінде Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Бұл — Ризаттың алғашқы медалі емес. Ол 2014  жылы Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатында да қола жүлде алған. Сонымен бірге Қазақстан чемпионатының және  халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да