Қала тұрғындары алдында есеп берген шаһар басшысы Нұрлан Сауранбаев «Өңірлерді дамыту — 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті.
«Аталған бағдарлама аясында 21 көпқабатты үйге жаңарту және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жеті үйге сейсмикалық күшейту жұмыстары атқарылып, демеушілердің есебінен 33 көпқабатты ғимараттың қасбеті жөнделді»,-деді қала әкімі.
Жиында сонымен қатар қала көшелерін жарықтандыру мәселесі де сөз болды. Тұрғындар жаңадан салынған шағынаудандарда түн жарымда жүру қиындығын айтып, әсіресе мектеп жасындағы балалар сабақтан қайтқанда уайымдайтынын алға тартты. Бұл мәселеге орай әкім көшелер кезең-кезеңімен жарықтандырылады деп уәде етті.
«Ағымдағы жылы қала көшелерін жарықтандыру жұмыстары жалғасады. 23 көшеге, яғни бұрын ешқандай шам орнатылмаған көшелерге жарықтандыру жүйесі тартылады. Төрт көшеде қайта құру жұмыстары жүргізіліп, шет аймақтардағы 43 көшеге жарықшам орнатуға жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде»,- деді Нұрлан Сауранбаев.

Шымкентте 170 мың адам жер және үй кезегінде тұр. Қанша уақыт керек? бір жылда 4 мың болса 42,5 жыл?! 2060 Сен қайдасың?! Ал бұларға жыл сайын қосылатын адамдар санын қоссаұ ше? 2100?!
мен 4 жыл алдын турган едим али 2100 де журмин кашан алуыма болады жас семия и госпын. менен кеин турган адам алып койды! Бул калай?