Ақмола облысында биыл 15 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады

Оның сөзінше, облыста 18 білім нысанының құрылысы және қалпына келтіру жұмыстары басталды. Оның 7-уі мектеп. Ағымдағы жылы оның 2-уі пайдалануға беріледі. Оған қоса, білім беру нысандарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 1,4 миллиард теңгеден астам қаражы бөлінді.

Сонымен қатар, материалдық-техникалық базаны нығайтуда қолға алынған. Мәселен, 1,1 миллиард теңгеден астам қаржыға оқулық сатып алынды. 460 миллион теңгеден астам қаржыға мультимедиялық және жаңа үлгідегі оқу кабинеттері мен жабдықтар сатып алынды».

Жалпы, биылғы жылы Ақмола облысы бойынша барлығы 115 мың оқушы мектепке барады деп жоспарланған. Оның 15 482 бірінші рет мектеп табалдырығын аттағалы тұр.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да