Көкшетауда тағы 3 тұрғын үй қолданысқа берілді

Ағымдағы жылдың шілде айында тағы 3 үй пайдалануға берілді. Алайда, тұрғындар жаңа қоныстарына көшіп келген кезде бірқатар шешілмеген мәселелер орын алған еді, бүгінді таңда ол олқылықтар жойылған.

Астаналық «Мега сервис» компаниясының Көкшетауда өз жұмысын бастағанына 4 айдың жүзі ғана болған. Қазіргі таңда аталмыш серіктестік «Сарыарқа» ықшам ауданындағы 3 үйге ғана қызмет көрсетеді. Алайда, осындай қысқа уақыттың ішінде компанияның жұмысы тұрғындардың көңілінен шығып үлгерген.

Қазіргі таңда аталмыш үйлерде аптасына бір рет құрғақ және ылғалды тазарту жұмыстары жүргізіледі. Көп жыл бойы кезекте тұрған тұрғындар жаңа қоныс орындарының жағдайына риза.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да