Мені әлемнің үздік боксшысы деген теңеумен келіспеймін — Геннадий Головкин

Боксшы сұхбат кезінде бапкері, алдағы кездесуге дайындығы, жеке өмірі туралы айтып берді.

«Менің әрбір кездесуім бір бірінен ерекше. Бірақ шынында «Канелоға» қарсы өтетін кездесу менің карьерамдағы ең маңызды жекпе-жек болады. Дегенмен мен жаттығу жұмыстарыма ешқандай өзгеріс енгізген жоқпын: жаттығу залында тынбай тер төгіп, залда жұмыс істеймін. Мен өз жұмысымды білемін», — деді боксшы.

Геннадий Головкин рейтингтің өзі үшін маңызды емес екенін айтты.

«Мені әлемнің үздік боксшысы деген теңеумен келіспеймін. Әр боксшы әртүрлі. Бірінің стильі басқа, бірінің таланты мықты, бірінің мүмкіндіктері көп. Сондықтан да мен әлемнің үздік боксшысымын деп айта алмаймын. Иә, Мұхамед Әли — ұлы боксшы. Алайда мен одан кейін екінші орында да тұрған жоқпын. Біздің барлығымыздың ерекшеліктеріміз бар. Мен үшін P4P рейтингі де маңызды емес. Танымалдылық? Маған ол да қызық емес. Танымал болғым келмейді. Иә, мені көпшілік танып жатады. Дейтұрғанмен маған «ол жұлдыз», «ол танымал» деген әңгімелер әсер етпейді. Рингтен сыртында мен қарапайым адаммын. Жұлдыз емеспін», — деді ол.

Сондай-ақ, боксшы алдағы Канеломен болатын жекпе-жеке қандай нәтижемен аяқталса да жеңіс деп санайтынын айтты.

«Альвареспен өтетін жекпе-жек мен үшін маңызды. «Канело» — ерекше боксшылардың бірі. Бірақ ол да суперчемпионы емес. Біздің жекпе-жегіміз бокс үшін үлкен оқиға деп ойлаймын. Қайсымыздың жеңетіні маңызды емес. Ол ма, әлде мен бе? Бірақ бұл екеуміз үшін де үлкен жеңіс болайын деп тұр. Кейбіреулер бұл жекпе-жекте рейтингтің, P4P көрсеткішіндегі орын, мықты екені анықталады деп ойлайды. Алайда, бастысы — жеңіс», — деді Головкин.

Айта кетейік, Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы 20 мың адам сиятын T-Mobile аренасында өтеді. 

ДереккөзVesti.kz