Ақмола облысында М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп жөнделуде

Зеренді селосындағы орналасқан бұл білім ордасының іргесі 1973 жылы қаланған. Сол себепті, жарты ғасырға жуық тарихы бар екі қабатты ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары қажет болатын. Тіпті, соңғы жылдары мектептің төбесінен су сорғалап ағып, оқушылардың білім алуына біраз қиыншылықтар туғызды. Осыған орай облыс басшылығы мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 300 миллион теңгеден астам қаржы бөлуді шешеді.

Оның 150 миллион теңгесі биылғы жылға қарастырылған. Бұл қаржыға бүгінгі таңда мектептің шатыры, есік, терезелері және едені ауыстырылуда. Қалған қаржыға келер жылы жаңа спортзалының құрылысы мен білім ордасының маңын абаттандыру шаралары қарастырылған. Құрылыс жұмыстарын мердігер «Еңбек-Көкшетау» серіктестігі қолға алған.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да