Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков осылай деп хабарлады.
Қазір аудан және қала деңгейінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 18 жасқа толмаған балаларына мемлекеттік жәрдемақы алушылар мен арнаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға түсіндіру жұмыстары алдымен жүргізілетін болады.
Халықпен кездесу, баспасөз беттеріне материалдар жариялау, семинарлар өткізу арқылы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек туралы түсіндіру жұмыстары жүзеге асырылмақ.

неге , көп балалы отбасылар ға берілетін көмекті тоқтатпақшы , себебі бар ма ? депутатдардың айлығын миллионға жеткізу үшін шығар ? халық қалаулылары бұған не деді екен ? беретін 15000 теңгені көп көріп отыр ма?
Оңайлықпен ала алмайсың үкіметтен ақша.Балалардың тиын тебеніне көз тіккені болғаныгой.