Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері

Мемлекеттің демографияға үлес қосып отырған жанұяларға төмендегідей жәрдемақылар береді:

1) Бала тууға байланысты төленетін бір жолғы жәрдемақы

Оның мөлшері:

  • бірінші, екінші, үшінші балаға – 31,41 АЕК (71 мың 269 теңге 29 тиын) ;
  • төртінші және одан кейінгі балаларға – 52,35 АЕК (118 мың 782 теңге 15 тиын).

2) Бала 1 жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты төленетін ай сайынғы мемжәрдемақы

Бала күтімі жәрдемақысы мынадай мөлшерде белгіленген:

бірінші балаға – 5,76 АЕК 13 мың 69 теңге 44 тиын);

екінші балаға – 6,81 АЕК (15 мың 451 теңге 89 тиын);

үшінші балаға – 7,85 АЕК (17 мың 811 теңге 65 тиын);

төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК (20 мың 194 теңге 1 тиын);

3) 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін айы сайынғы мемжәрдемақы

Бала жәрдемақысы әрбір балаға 1,05 АЕК (2 мың 382 теңге 45 тиын) мөлшерінде белгіленген (01.01.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі);

4) Мүгедек бала тәрбилеп отырған анаға немесе әкеге, асырап алушыға, қорғаншыға  тағайындалатын ай сайынғы мемжәрдемақы.

Жәрдемақы 1,05 ең төменгі жалақы (25 мың 681 теңге 95 тиын) мөлшерінде белгіленген.

*Ең төменгі жалақы мөлшері — 24 мың 459 теңге.

Жәрдемақы қашан беріледі?

Бала туу немесе бала күтімі жәрдемақысын тағайындауға жүгіну мерзімдері бала туған күннен бастап он екі айдан аспайды.

Патронаттық тәрбиешілерге қандай төлем жасалады?

Патронаттық тәрбиешілерге берген баланы асырауға ай сайынғы төлем жүргізіледі. Оның мөлшері төменде көрсетілген:

  • мектеп жасына дейінгі бір балаға тамақтану – 6 АЕК (13 мың 614 теңге);
  • мектеп жасындағы бір балаға тамақтану – 7 АЕК (15 мың 883 теңге);
  • бір балаға киім, аяқ киім, керек-жарақ – 3 АЕК (6 мың 807 теңге).

Қорғаншы мен қамқоршыға қандай төлем жасалады?

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алған қорғаншылар мен қамқоршыларға мемлекет ай сайын 10 АЕК (22 мың 690 теңге) құрайтын жәрдемақы береді. Сондай-ақ, жетім баланы асырап алуға байланысты, бір жолғы ақшалай төлем төленеді. Оның мөлшері 75 АЕК-ті (170 мың 175 теңге) құрайды.

2017 жылғы АЕК мөлшері қандай?

2017 жылғы айлық есептік көрсеткіш  (АЕК) мөлшері — 2 мың 269 теңге.

Дереккөзprokuror.gov.kz