Ақмола облыстық сотында болашақ судьялар үшін дайындық курсы үйымдастырылды

Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ерлан Жанәділов болашақ судьяларға оқыған баяндамасында сот корпусын даярлау жүйесінің жетілдірілгенін айтып, судьялыққа үміткерлерге қойылатын талаптарды түсіндірді.

Отставкадағы судья Мейрам Ғибәділов «Судья әдебі — сот жүйесі беделінің негізі» тақырыбында баяндамасын оқыды.

Облыстың жас судьялары және Сот төрелігі Академиясының түлектері – сот мамандары, тыңдаушыларға сот білімі туралы, Сот төрелігі Академиясына түсу шарттары мен білім алу жөнінде мәліметтер дайындап, баяндамалар жасады.

Курстың теориялық жағын аяқтай келе, мамандарға тест сұрақтарының үлгілері мен ауызша емтихан тапсырмаларының мысалдары тапсырылды.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да