Головкин мен Альварестің кезекті проморолигі жарияланды (Видео)

Бұған дейін Геннадий Головкин мен Сауль Канело Альварес туралы мультфильм жарияланған. Жекпе-жекті анимациялық туындыға айналдырған компания — ММА Mojahed Fudailat. Олар қос боксшыға арнап «Зорро-бой» қысқа метражды мультфильмін шығарды.

Сондай-ақ Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің нокаутттарын көрсететін арнайы бейнебаян жарық көрді. Бейнебаянды GOAT Boxing арнасы жасаған.

Еске сала кетейік, WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқасы бойынша төрт бірдей белбеудің иегері, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин және мексикалық Сауль «Канело» Альварестің арасындағы жекпе-жек ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде өтеді деп жоспарлануда. Жекпе-жек Лос-Вегас қаласындағы «T-Mobile Arena» спорт кешенінде өтеді.