Ақмола облыстық сотының төрағасы Көкшетауда кездесу өткізді

Жұмыс кездесулерін Досжан Әміров кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық, Көкшетау қалалық және мамандандырылған әкімшілік соттарында судьялар мен сот қызметкерлері, прокуратура және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен өткізді. Кездесу барысында тағайындалған төрағалар, судьяларын таныстырып, ағымдағы жылдың 5 айдың жұмыс сапасы талқыланды, алдағы мерзімге міндеттер қойылды.

Облыстық сот төрағасы судьяларға медиация институтын дамыту, халық арасында түсіндіру мен алдын алу жұмыстарын жүргізу, БАҚ-пен өзара ықпалдасу, сот төрелігінің сапасын жақсарту, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, сот беделін көтеру арқылы халықтың мемлекетке сенімін арттыру және судьяның кәсіби деңгейінің жоғары болуы үшін өз білімдерін күнделікті жетілдіріп отыруды тапсырды.

Облыстық сот төрағасы сот жұмысының жағдайларымен, аудио-бейне жазу жүйесімен жабдықталған сот отырысы залдары, мұрағат және кеңсе жұмысымен танысты.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да