Мәлік Мырзалин тасқын судан зардап шеккен отбасылар балаларына жазғы лагерге тегін жолдама берді

Тұрғындармен кездескен аймақ басшысы облыста көктемгi су тасқынының зардаптарын жою жəне инфрақұрылым мен əлеуметтiк нысандарды қалпына келтiру бағытында тиiстi шаралар жүзеге асырылып жатқанын атап өттi. «Биылғы көктем бiз үшiн үлкен сынақ болды. Су тасқынынан Атбасар қаласы көп зардап шектi. Мұнда 644 тұрғын үй суда қалса, оның бiразы жарамсыз деп танылды. Оған қоса, мектеп, балалардың сауықтыру лагерi жəне көлiктiк коммуникациясына залал келдi.

Табиғат апатының зардаптарын жою үшiн облыстық бюджеттен 660,6 миллион теңге қаржы бөлiндi», дедi М.Мырзалин. Осы күнi аймақ басшысы салтанатты түрде су тасқыны кезiнде ағын суға батқан мектеп автобусындағы балаларды құтқаруға қатысқан аудан тұрғындарына ҚР IIМ «Құтқару операциясына белсендi қатысқаны үшiн», 3-шi дәрежелi «Құтқарушы» төсбелгiлерi мен облыс әкiмiнiң Алғыс хатын тапсырды. Ағымдағы жылдың 16 сəуiрiнде «Атбасар-Көкшетау» тасжолында балалар мiнген мектеп автобусын тасқын су жолдан шығарып жiберген болатын. Осы құтқару операциясына қатысқандардың барлығы марапатталды.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да