Ақмола облысында ҰБТ сынағы басталды

Ақмола облыстық білім басқармасының берген мəліметтеріне сүйенетін болсақ, мектеп түлектері тестілеуді 11 ҰБТ өткізу пункттерінде тапсырады.

Енді биылғы тестілеу сынағының негізгі ерекшеліктеріне тағы бір мəрте тоқталайық. Ең алдымен,Ұлттық бірыңғай тестілеу 5 пəн бойынша тапсырылады. Атап айтқанда, Қазақстан тарихы,математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы жəне таңдаған мамандыққа сəйкес 2бейінді пəннен сынақтан өтеді. 120 тестілеу тапсырмасы бойынша түлекең көп дегенде 140балл жинай алады. Себебі, кей сұрақтан екі баллалуға болады.

Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Ботагөз Балапайқызының айтуынша,биыл облысымызда барлығы 4337 мектеп бітіруші болса, ҰБТ-ға қатысуға 3166 түлек ниет білдіріп,өтініш жазған. Олар биылғы мектеп бітірушілердің 73,1 пайызын құрайды. 11 ҰБТ тапсыру пунктінің 3-еуі Астана қаласында орналасқан, онда Қорғалжын, Целиноград,Аршалы аудандарының түлектері тест тапсырады. Тарқатып айтар болсақ, кеше 810, бүгін 569түлек бағын сынаса, 23 маусымда 1787 түлек ҰБТ тапсырады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да