Қазақстанда 1200 адам рақымшылықпен босап шықты

Рақымшылық жасау нәтижесінде бас бостандығынан айыру орындарынан 1200-ге жуық сотталған босатылса, 2269 адамның жазасын өтеу мерзімі қысқартылды (½, ¼  және 1/5 мерзімге).

Мұнымен қоса, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза мерзімін өтеген және ҚАЖ пробация қызметінің есебінде тұрған 6700 адам босатылды.

Аталған Заңды іске асыру уақытында шамамен шетелдік 40 азамат бас бостандығынан айыру мекемелерінен шықты. Босатылғандардың көбісі — таяу шетел азаматтары. Бүгіндеа ҚАЖ мекемелерінде 1300-ге жуық ТМД және шетел адамдары ұстауда.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып шыққан жүзден астам азаматқа қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің тікелей қатысуымен еңбек және тұрмыстық көмек көрсетілді, деп хабарлады ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Заңнама аясында барлық сотталғандар, оның ішінде рақымшылық жасалғандары да тұрғылықты жеріне жету үшін жол жүру билетімен, сонымен қатар мезгілдік киім-кешекпен және Қазақстан аумағында жол жүру барысында тамақ өнімдерімен қамтамасыз етіледі, дейді еліміздің пенитенциарлық жүйесі.

ДереккөзBnews.kz