FlyArystan әуе компаниясы күзгі маусымға арналған билеттерге 20% жеңілдік акциясын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Компанияның мәліметінше, жеңілдік 8 қыркүйек пен 21 қазан аралығындағы рейстерге қолданылады. Акция Қазақстан ішіндегі барлық бағытты, сонымен қатар бірқатар халықаралық рейсті қамтиды.
Атап айтқанда:
- Астана қаласынан Газипаша, Үрімші, Кутаиси және Ташкент бағыттарына;
- Алматы қаласынан Газипаша, Самарқан және Кутаиси бағыттарына;
- Ақтау қаласынан Кутаиси мен Баку бағыттарына;
- Атырау қаласынан Кутаиси бағытына рейстерге жеңілдік қарастырылған.
Акциялық билеттерді тек 5 және 6 мамыр күндері сатып алуға болады.
Айта кетейік, биыл наурыз айынан бастап компанияда тегін алып жүруге болатын қол жүгінің салмағы бес келіден жеті келіге дейін ұлғайтылған.
