Зауыттағы жарылыстан кейін 9 адам дәрігерге жүгінді

Өскемендегі «Казцинк» аумағында болған жарылыстан кейін тоғыз адам медициналық көмекке жүгінді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккен екі адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Тағы бір адамға оқиға орнында реанимациялық көмек көрсетіліп жатыр. Бір зардап шегушіні кәсіпорын қызметкерлері өз күштерімен медициналық мекемеге жеткізген.

Оқиға орнында бес жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр. Қалған зардап шеккендердің жағдайы нақтыланып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін жарылыс салдарынан өрт шыққаны, оның жедел түрде оқшауланғаны хабарланған еді. Қазіргі уақытта мамандар зауыт аумағындағы ауа сапасын да тексеріп жатыр.