АҚШ-тың Уашиңтон қаласында жазушы Мұхтар Мағауиннің басына құлпытас орнатылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
АҚШ-тағы қазақ азаматы Сапарбек Нағашыбековтың мәліметінше, Уашиңтонда Америкадағы «Мұхтар Мағауин атындағы Қазақ ұлттық мәдени-ағарту орталығының» ресми таныстырылымы өткен.

Мұхтар Мағауин бүкіл саналы ғұмырын қазақ халқына арнады. Ол 85 жасқа келгенше 27 томдық еңбегін жазып, қазақтың бес ғасырлық тарихын рухани тұрғыда түгендеп берді. Болашақ ұрпақ атамыздың ұлы еңбегін әлі талай бағалайтыны сөзсіз. Қазақтың тарихында осыншама кітаптар жазған жазушы болмаған, — дейді ол.
