Алматының Түрксіб ауданында алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру дерегі әшкереленді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Қалалық ПД мәліметінше, жертөледе орналасқан жасырын сыра өндіру цехы табылған.
Оқиға орнында өндірістік жабдықтар, дайын өнім, шыны ыдыстар және шикізат тәркіленді. Жалпы айналымнан шамамен 7 мың литр сыра алынған. Дерек бойынша барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тексеру басталды, — делінген хабарламада.
Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев мұндай құқықбұзушылықтар қатаң бақылауда екенін айтып, заңсыз алкоголь өндірісі мен сатылымы заңмен жауапкершілікке әкелетінін ескертті.
