Жаңа хит: Prada-ның жалғасы әлемдік кассада көш бастады

«Prada киген Әзәзіл 2» фильм әлемдік прокатта бірінші орынға шықты. Ал Ал «Майкл» фильмі екінші орынға тұрақтады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

156,6 миллион доллар

Associated Press мәліметінше, фильм кинотеатрларда жоғары нәтиже көрсетіп, алғашқы демалыс күндері АҚШ пен Канадада 77 миллион доллар, ал халықаралық нарықта 156,6 миллион доллар жинады. Көрермендердің 76%-ы әйелдер болды.

Дьявол носит Prada 2 — Русский трейлер (Дубляж, 2026)

Фильмнің бюджеті 100 млн доллар, бұл 2006 жылы шыққан алғашқы бөлімнен үш есе көп. Алғашқы фильм 326 млн доллардан астам табыс тауып, мәдени феноменге айналған еді.

Ал «Майкл» өмірбаяндық картинасы екінші демалысында 54 млн доллар жинап, екінші орынға тұрақтады. Оның жалпы әлемдік табысы 423,9 млн долларға жеткен.

20 жылдан кейінгі жалғасы

a818c1551d2aa8121f5b03708100e7df Жаңа хит: Prada-ның жалғасы әлемдік кассада көш бастады
Фото: 20th Century Studios

Көрермендерді ерекше әсерге бөлеген жайт – басты кейіпкерлердің өзгермеген бейнесі. Миранда Пристли мен Энди Сакс рөлдерін сомдаған актрисалар арада 20 жыл өтсе де, өздерінің танымал образдарын сақтап қалған. Бұл көрермендерге ностальгиялық көңіл күй сыйлады.

Фильмде медиа индустриясындағы өзекті мәселелер – дәстүрлі басылымдардың құлдырауы, оқырман санының азаюы, сонымен қатар жаңа технологиялар мен жасанды интеллекттің сән және журналистика саласына әсері көрсетіледі.