92 млн теңге: Астанада 347 жүк көлік жүргізушісіне айыппұл салынды

Не болды?

Астанада 347 жүк көлік жүргізушісі ереже бұзып, 92 миллион теңге айыппұл төледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Көлік министрлігінің хабарлауынша, 1 сәуірден бастап Астанада ауыр жүк көліктерін бақылау күшейді. Полиция мен әкімдік инертті материал тасымалдайтын жүк көліктерінің салмағын, габариттік параметрлерін қадағалап, алты жылжымалы бақылау бекетін орнатты. Жол полициясы 622 көлікті тексеріп, 347 жүк көлік жүргізушісіне ереже бұзғаны үшін айыппұл салды. Жалпы айыппұл сомасы — 92 миллион теңге.

Министрлік көлік жүргізушілеріне заң талаптары мен жол ережесін сақтап, көлікке артық жүк артпау керегін ескертті.

Контекст

Естеріңізге салайық, енді жол ережесін бұзған көліктер ақылы түрде эвакуацияланады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да