29 сәуірде Қазақстанның 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

29 сәуірде Атырау, Ақтөбе, Алматы, Астана, күндіз Өскемен, Семей қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болуы мүмкін, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін мерзімі аз метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.