Астанада Есіл өзенінде теплоходпен серуендеу қашан басталады?

Астанада Есіл өзені бойымен серуендеу маусымы 1 мамырдан басталады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жазғы туристік маусым қарсаңында Есіл өзені жағалауында экскурсиялық теплоходтар суға түсіріліп, іске қосуға дайындалды. Кемелер белгіленген күннен бастап өзен бойымен қатынай бастайды.

Есіл бойымен серуендеу – елордадағы ең танымал демалыс түрлерінің бірі. Маусым алдында барлық теплоход толық техникалық тексерістен өткен. Олардың қатарында 65, 45 және 30 орынға арналған су көліктері бар. Жолаушылар қауіпсіздігіне ерекше назар аударылып, кемелер жаңа құтқару жилеттерімен жабдықталған, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар Есіл Астана компаниясы кеме паркін жаңарту мақсатында 12 адамға дейін арналған төрт жылдам жүретін шағын кеме сатып алған.