Ақша мен көлік талап еткен: Шымкентте бопсалаушылар тобы қолға түсті

Шымкентте полиция жергілікті тұрғыннан ақша бопсалаған қылмыстық топтың жолын кесті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қалалық ПД мәліметінше, күдіктілер ер адамға психологиялық қысым жасап, өздері келтірді деген жалған сылтаумен ақша талап еткен. Сонымен қатар олар оның көліктерін ешқандай заңды негізсіз иемденіп алған.

Жедел уәкілдер күдіктілерді 3 мың АҚШ долларын алу кезінде қолға түсірді. Аталған іс бойынша төрт адам күдікке ілініп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр, — делінген хабарламада.

Полиция өкілдері азаматтарға қысым көрсету, бопсалау және заңсыз ақша талап ету қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.