Әл-Фараби даңғылындағы газ құбыры жөнделіп жатыр. Жол жабыла ма?

Не болды?

23 сәуірден бастап Әл-Фараби даңғылындағы газ құбыры жөнделіп жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Алматы әкімдігінің мәліметінше, QAZAQGAZ AIMAQ АҚ-ның мамандары әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысындағы газ құбырын жөндеп жатыр. Көшеге жер асты арқылы газ құбыры өткелі салынады.

51d1331ab0ec098024d1974f78c60d4a Әл-Фараби даңғылындағы газ құбыры жөнделіп жатыр. Жол жабыла ма?
Фото: gov.kz

Мамандар газ құбырын сәуір айының соңына дейін жөндеп бітеді. Жөндеу жұмысын жаяу жүргінші жолында жасайды. Сондықтан көлік қозғалысына кедергі болмайды, жол жабылмайды, — делінген хабарламада.

Контекст

Естеріңізге салайық, былтыр Алматыда Байзақов және Бұхар жырау көшелерінің қиылысында газ құбыры жарылған еді.