Атырау облысындағы аудан ескі ғимаратты 389 млн теңгеге сатып алмақшы болған

Не болды?

Жылыой ауданының прокуратурасы аудан әкімдігінің бюджет қаражатын негізсіз жоспарлап, жұмсамақ болғанын анықтады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Атырау облысы прокуратурасының ақпаратына қарағанда, Жылыой аудандық бюджет комиссиясының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы шешімімен спорт кешенін сатып алу үшін 389 млн теңге бөлу мақұлданған.

Алайда бақылаушы орган әкімдік сатып алуды жоспарлаған нысан тозығы жеткенін байқап қойған. Кейін оны жөндеуге бюджеттен қосымша қаржы талап етіледі. Бұл екі есе шығынға әкеледі.

Ғимаратты сатып алуға тыйым салынды. Бюджет қаражатын негізсіз жұмсалуына жол берілмеді, — деп жазды прокуратураның баспасөз қызметі.

Контекст

Естеріңізге салайық, салық органдары ақша аударымдарын тексеріп жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да