Алматының 2 ауданында су уақытша болмайды

21 сәуір күні Алматының Алмалы және Жетісу аудандарында су уақытша өшіріледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«Алматы су» компаниясының мәліметінше, 21 сәуір күні сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін желілердегі технологиялық жабдықтарды ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты Алмалы ауданы аумағында су беру уақытша тоқтатылады.

Су өшірілетін нысандар:

  • «12 месяцев» тұрғын үй кешені;
  • «Райымбек парк» ТК;
  • Life Town ТК;
  • Seyfullin ТК;
  • Индустриальная және Алексеева көшелеріндегі үйлер.

Сонымен қатар уақытша шектеу Жетісу ауданы аумағын да қамтиды. Атап айтқанда, Райымбек даңғылы – Төретай көшесі – Сейфуллин даңғылы – Бұлқышев көшесі аралығындағы квадратта су болмайды.

Компания тұрғындарды уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырды.