Не болды?
Елімізде, шамамен 60 мың көппәтерлі тұрғын үй бар. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ақпаратына қарағанда, олардың 67%-ының техникалық жағы қанағаттанарлық күйде. Ал қалған 25,8%-ын (15,5 мың) күрделі жөндеу керек, 5,4%-ы (3,2 мың) тозып кеткен, 1,8%-ы (бір мың) апатты жағдайда тұр.
Министрліктің мәліметінше, мемлекеттік саясат қолданыстағы тұрғын үйлерді жаңғырту, тұрғын қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Контекст
Естеріңізге салайық, Шымкенттегі тұрғын үйде төрт адамның мәйіті табылды.
