Наурыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанда алтын неке сақиналары айтарлықтай қымбаттаған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, айлық өсім 5,5% болса, жылдық мәнде баға 45% дейін артқан.
Өңірлер бөлінісінде ең төменгі жылдық қымбаттау Маңғыстау облысында тіркелген – 14,5%. Ал Шымкентте бұл көрсеткіш 29%, Астанада 29,9% болған. Ең жоғары өсім Ұлытау облысында байқалды – бір жыл ішінде неке сақиналарының бағасы 71% өскен, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар елде зергерлік бұйымдар өндірісі де өсіп келеді. 2025 жылғы қаңтар-желтоқсан айлары аралығында өндіріс көлемі 7,7% артып, 2,7 миллиард теңге болған.
