Астанада мешіттен аяқ киім ұрлап жүрген ер адамның әрекеті бейнебақылауға түсіп, әлеуметтік желіде тарады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Астана қалалық полиция департаменті мәліметінше, 34 жастағы күдікті ұсталған.
Тергеу барысында оның мешітке келіп, аяқ киім сөресінен құны 175 мың теңге тұратын кроссовканы киіп кеткені анықталды. Ол өзіне тиесілі ескі аяқ киімді сол жерде қалдырып, жаңа кроссовкамен еш кедергісіз шығып кеткен. Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктінің жеке басын анықтап, оны қысқа мерзімде ұстаған. Ұрланған аяқ киім иесіне қайтарылды, — делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір күдіктінің басқа да ұқсас құқықбұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Полиция азаматтарға қоғамдық орындарда жеке мүліктеріне мұқият болуға кеңес берді.
