Енді ЖСН дәріхана мен емхана түбіртегінде жазылуы мүмкін

Не болды?

Енді ЖСН дәріхана мен емхана түбіртегінде көрсетіле бастауы мүмкін. Азаматтар бұл ұсынысты 29 сәуірге дейін талқылай алады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

«Ашық НҚА» порталында жарияланған жобаға қарағанда, дәріханалар мен медицина ұйымдары түбіртекте азаматтың ЖСН-сын көрсетуге міндеттелуі мүмкін. Бұл медициналық сақтандыру қорының бюджетін бақылау үшін керек. Жаңа жобаны қаржы министрлігі әзірледі.

Өзгеріс не үшін қажет?

Бұл өзгеріс 20 қаңтарда премьер-министр Олжас Бектенов берген тапсырмаға орай дайындалды. Бұған дейін медицина ұйымдарын қаржыландыру кезінде түрлі заң бұзылғаны анықталған. Осыған орай, Олжас Бектенов МӘМС қорын қаржы министрлігіне беру туралы шешім қабылдаған.

Қашан дауыс беруге болады?

Қазір өзгеріс енген жоба талқыланып жатыр. Ол «Ашық НҚА» порталына 14 сәуір күні жарияланды. Азаматтар оны 29 сәуірге дейін талқылай алады.

Контекст

Естеріңізге салайық, енді басқа біреудің банк картасына 500 000 теңгеден астам сома аударатын кезде ақша жіберетін адамның ЖСН-сын көрсету керек. Бұған дейін тек алушының ЖСН-сы талап етілетін.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да