Қызыл кітапқа енген: Алматы зообағында дүниеге келген қонжықтарға ат қойылады

Не болды?

Қаңтар айында Алматы зообағында Қызыл кітапқа енген Тянь-Шань қоңыр аюларының екі қонжығы дүниеге келді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Алматы әкімдігінің хабарлауына қарағанда, екі қонжық Құрманбек пен Герда жұбынан туған. Бұл ұрғашы аю осымен төртінші рет төлдеп отыр. Қонжықтар алғашқы айларын үйшікте өткізген. Қазір олар өсіп, енесіне еріп қаумалға (вольер) шыға бастады.

Хайуанаттар бағының қызметкерлері азаматтарды жаңа туған бір еркек және бір ұрғашы қонжыққа ат қоюға қатысуға шақырады.

Контекст

Естеріңізге салайық, сәуір айының басында жұрт Алматыдағы хайуанаттар бағында дүниеге келген үш амур жолбарысының күшігіне ат қойған еді.